Рульге ие бола алмаған автобус жүргізушісі полицейдің ажалына себеп болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Башқұртстанда рульге ие бола алмаған автобус жүргізушісі МАИ қызметкерін басып кетті. Ол оқиға орнында ажал құшса, екінші полицей ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады өңірлік ІІМ баспасөз қызметінен.

Келеңсіз жағдай Балачев ауданында жергілікті уақытпен сағат 02:00-де орын алды. МАИ экипажы Бураево-Старобалтачево автожолының 17-ші шақырымында жол-көлік оқиғасын ресімдеп жатқан. Екі полицей мен патрульдік көлік жол жиегінде тұрған. Тағы бір қызметкер көшеде ЖКО ресімдеу үшін жолдың енін өлшеп жатқан болатын. «Алдын ала дерек бойынша, ауа райының қолайсыздығынан рульге ие бола алмаған, ішінде бес жолаушы бар автобус жүргізушісі полицейді басқан күйі тоқтап тұрған патрульдік көлікке соғылған», - деді ІІМ баспасөз қызметінен.

Салдарынан 31 жастағы полицей оқиға орнында көз жұмып, оның 35 жастағы әріптесі аудандық ауруханаға жеткізілді.

Автобус жолаушылары зардап шеккен жоқ.