Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 9 қаңтарда республикалық маңызы бар «Омбы-Майқапшағай» тасжолының 659 шақырымында болған.
«Көлік тізгіндеп келе жатып ұйықтап кеткен «Lada Granta» көлігінің жүргізушісі жүк көлігімен соқтығысты. Жол апатынан кейін жеңіл көлік жыраға құлаған. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ», - делінген ақпаратта.
30 жастағы ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
Еске салсақ, осыған дейін «Өскемен-Семей» тасжолында жол апатынан 2 адам көз жұмғаны хабарланған.