Rumble Франциядағы жұмысын тоқтатады

ОТТАВА. KAZINFORM –  Rumble видеохостингі Францияда енді жұмыс істемейді, өйткені бұл елде сөз бостандығы жоқ. Бұл туралы X (бұрынғы Twitter) Франция президенті Эммануэль Макронның Telegram негізін қалаушы Павел Дуровтың ұсталуына қатысты мәлімдемесіне түсініктеме берген канадалық сервистің негізін қалаушы Крис Павловски айтты.

Фото: pexels.com

– Сіздің «сөз бостандығын ұстанамын» деп айтқан сөзіңіз өтірік. Біз Франциядағы Rumble-ді жабуға мәжбүр болдық, өйткені сіздерде ешқандай сөз бостандығы жоқ, – деп жазды Павловски.

Rumble негізін қалаушы Дуровтың қамауға алынуына байланысты Еуропалық Одақ аумағынан шығып кеткенін де айтты.

Еске саламыз, Ресейден шыққан миллиардер, Telegram негізін қалаушы Павел Дуров Францияда ұсталды.

Telegram мессенжерінің ресми аккаунты компанияның негізін қалаушы Павел Дуровтың Францияда ұсталуына қатысты түсініктеме берді.

Францияның сот органдары Павел Дуровты қамауда ұстау мерзімін ұзартты.