Румыния мен Болгария Шенген аумағына ресми түрде қосылды

Фото: Фото: bta.bg

АСТАНА. KAZINFORM - Болгария мен Румынияның ішкі істер министрлері Атанас Илков пен Кэтэлин Предою Дунай көпіріндегі шекара бекетінде Шенген аймағында еркін жүру құқығын ресми түрде ашты, деп хабарлайды Euronews.

Екі елдің 25 миллион тұрғыны енді Шенген аймағында еркін жүріп-тұра алатын 450 миллионға жуық ЕО азаматтарының қатарына қосыла алады.

Қос мемлекет Еуропалық Одаққа 18 жыл бұрын қосылды, ал Шенген аймағына қосылу туралы келіссөздер 2011 жылы басталды. 

Болгарияның Түркиямен шекарасы ЕО-ның сыртқы шекарасы бола отырып, 2 қаңтардан бастап ЕО елдерінің 100 полиция қызметкерінен тұратын бірлескен контингенті күзететін Шенген аймағының сыртқы шекарасына айналады. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Түркиядағы үңгір ЮНЕСКО-ның тізіміне енгенін хабарлаған едік.