Дауыс беру 30 қыркүйекте Депутаттар палатасы мен Сенаттың бірлескен отырысында өтті. Отырысқа 464-465 заң шығарушының 321-і қатысты, соның 197-сі дауыс берген.
Премьер-министрлікке кандидат, Еуропа Парламентінің PNL партиясынан сайланған 45 жастағы депутаты З.Мурешанды 17 қыркүйекте президент Никушор Дан ұсынған. Бұл 5 мамырда Илие Боложан кабинеті құлағаннан бергі үшінші кандидат, парламент ресми түрде қайтарған екінші кандидат: маусым айында Адриан Вештя кабинеті 189 дауыс жинаған болатын.
Мамыр айынан бері Румынияны «қысқарған» өкілеттіктер берілген уақытша үкімет басқарып келеді.
Дауыс беруден кейін З.Мурешан дағдарысқа себепші болған партиялар оны одан әрі ұзартуға шешім қабылдағанын айтып, енді шешім президенттің құзырында екенін мәлімдеді. Ол жаңа премьер-министрді тағайындау немесе парламентті тарату туралы шешім қабылдауы мүмкін.
Румыния Конституциясының 89-бабына сәйкес, егер алғашқы өтініштен кейін 60 күн ішінде үкімет сенім вотумын ала алмаса және екі кандидат кері қайтарылса, президент парламентті таратуға құқылы.
Үкімет болмағандықтан елдегі қаржылық дағдарыс тереңдеп барады. Румыния ЕО-да пропорционалды түрде ең үлкен бюджет тапшылығына тап болған. Ал елдің инвестициялық рейтингін сақтау үшін 2027 жылғы бюджет тапшылығын азайту қажет.
Сарапшылар жаңа үкімет жасақталуының кешігуі немесе Социал-демократиялық партия (PSD) мен «Румындардың бірлігі үшін альянс» (AUR) арасындағы коалиция қаржылық консолидацияны бұзуы мүмкін деп ескертеді. Тағы бір айта кетерлігі, екі партияның парламенттегі барлық мандатын қосқанда да 233-ке жетпейді.
Осыған байланысты Румыния президенті премьер-министр лауазымына жаңа кандидатты ұсынуға мәжбүр. Үміткерге қос палатаның да қолдауына ие болуға он күн беріледі. Ал кандидат анықталмаса, онда ел президенті кезектен тыс сайлау белгілеуі тиіс.
Дунайдың тартылуы салдарынан Румыния жалғыз АЭС-ін тоқтатты.
Румынияда COVID-19 пандемиясы кезінде қайтыс болғандар жерленген орын табылды.