Бұл туралы Agence France-Presse хабарлады. Америкалық сот 22 қазанда отбасылық жұпқа үкім шығарады. Оларға шартты мерзім және 200 мың доллар көлемінде айыппұл көзделген.
2013 жылы қуғындағы румынь королі Михай Біріншінің қызы жұбайымен бірге Орегон ранчосында құстар арасында бірнеше рет «жекпе-жек» ұйымдастырған. Бұған адамды неғұрлым көбірек тарту үшін әтештердің аяғына пышақ байлаған. Бір күн ішінде екі мың доллардан астам пайда тауып отырған.
Еске сала кетсек, қазіргі күні 92 жастағы румын королі Михай Бірінші Швейцарияда тұрады. Ол бұл таққа 1927 жылғы шілдеде бес жасында отырған. Коммунистік үкімет монархияны жойған 1947 жылы ол Румынияға эмиграцияланды.