Олардың басым бөлігі 25 пен 35 жас аралығындағы тепсе темір үзетін азаматтар. Сауалнамаға қатысушылар өмір сүру деңгейі жоғары елдер ретінде Германия, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия сияқты мемлекеттерді атаған.
Елден кетудің басты себебі ретінде олар Еуроодақтағы экономикалық дағдарыс пен жуық арада жағдайдың жақсармайтынын атап көрсеткен.