Былтыр румыниялық тұтқындар 340-тан аса ғылыми еңбек жариялаған. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 4 есеге артық. Қылмыскерлердің осындай ғылымға құмарлық танытқаны прокурорларды да қызықтырған. Соңғы бірнеше айда елде парақорлықпен күрес күшейіп, көптеген жоғары лауазымды саясаткерлер мен кәсіпкерлер түрмеге тоғытылған болатын. Әйтсе де олардың ақша төлеп, өз атынан өзгеге кітап жаздыруға да мүмкіндіктері бар. Енді прокурорлар тұтқында отырғандардың шығармаларын, ғылыми жетекшілік еткен университет ұстаздарын тексеруге кірісті.
07:09, 27 Қаңтар 2016
Румыния билігі кітап жазған қылмыскерлердің жаза мерзімін қысқартады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Абақтыда отырған румыниялық қылмыскерлер жаппай ғылыми еңбектер жазып жүр. Әр жазған кітабы үшін олардың жаза мерзімін 30 күнге қысқартады, деп жазады 24.kz.