Румыния қалаларында қазақ музыкасы әуеледі

Фото: None
РУМЫНИЯ. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласының Тәттімбет атындағы Академиялық халық аспаптары оркестрі Румынияның ірі қалалары – Бухарест және Констанцада концерттік турне өткізді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Іс-шара Қазақстанның Румыниядағы Елшілігі мен ТүркияныңМәдениет министрлігінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасы шеңберіндеХалықаралық түркі мәдениеті ұйымы (ТҮРКСОЙ) мен Румыниядағы Юнус Эмре Мәдениеторталығы ұйымдастырды.

Дирижер Дүйсен Үкібайдың жетекшілігіменконцерттер барысында әлемдік классикалықавторлардың және танымал қазақ композиторларының туындылары орындалды.

Әнші Талғат Ыдырысов, ГүльмираТапай және Дәуренбек Аркенов өнер көрсетіп, түркі халықтарының музыкалықмәдениетімен таныстырды. Оркестрменбірге Әзербайжан, Қырғызстан және Түркияның танымал әртістері сахнаға шықты.

Концерттік бағдарламаға Түркештің «Көңіл ашар»,Тәттімбеттің «Сылқылдақ», Құрманғазының «Сарыарқа», Дәулеткерейдің «Көроғлы»,Жаяу Мұсаның «Ақ сиса»,Нұрғиса Тлендиевтің «Әлқисса», Моцарттың «Түрік маршы» және тағы да басқа көптегеншығармалар енді.

«Концерттерге өнер қайраткерлері, мемлекеттік органдардың, академиялықжәне іскерлік ортаның өкілдері, Қазақстан мен Румынияның азаматтары қатысты. Қонақтарқазақстандық музыканттардың кәсіпқойлығын, жарқыраған өзіндік қасиетін,үйлесімділігін және орындауларының тазалығын жоғары бағалады», - деді СІМ-нен.

Бұған дейін Тәттімбет атындағыоркестр АҚШ, Ирак, Иран, Оңтүстік Корея, Ресей, Словакия, Түркия, Франция,Чехия, Швейцария және Швеция секілді елдерде концерттер өткізген.

Алдағы 2-6 тамыз аралығындаҚарағанды қаласының Академиялық оркестрі Васлуй атты румын қаласының Халықаралықфольклорлық фестиваліне қатысып, концерттік турнесін жалғастыратын болады.

Соңғы жаңалықтар