Румыния королінің қызы қораздар жекпе-жегін ұйымдастырғаны үшін сотталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қораздар жекпе-жегін ұйымдастырды деген күдікпен Орегонда тұтқындалған румындық ханшайым Ирина Уолкер өз айыбын мойындады, оған қылмыстық жаза тағайындалды, деп хабарлады 'Газета.Ru'.

Румындық ханшайым мен шерифтің бұрынғы көмекшісі, оның күйеуі Джон Уэсли Уолкер шартты түрде үш жылға бас бостандықтарынан айырылды және 200 мың долар айыппұл төлейтін болды. Ерлі-зайыптылар 2013 жылғы тамызда өздерінің Морроу ранчосында қораздар жекпе-жегін өткізіп, құмар ойынын ұйымдастырғаны үшін айыпталып, тұтқындалған.

60 жастағы Ирина Уолкер - Румынияның соңғы королінің қызы.