Румыния парламентінде ТВ қызметкері балконнан секіріп кетті

АСТАНА. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат - Румыниядаға телеарна қызметкері ел парламентінің бюджеттік шығындарды қысқартуына қарсылық ретінде премьер-министр сөз сөйлеп тұрған кезде балконнан секіріп кетті.

40 жастағы Адриан Собару басынан көптеген зақым алған, алайда оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, деп хабарлайды Би-Би-Си.

Оқиға парламентшілер оппозиция айтқан ел үкіметіне сенімсіздік білдіру мәселесін талқылау кезінде орын алды.

Ер адам жеті метр биіктіктен төмен секіріп кеткен, оған депутаттар мен премьер көмекке жүгірген.

Собару «Сіздер балаларымыздың болашағын өлтірдіңіздер, бізді сатып жібердіңіздер» деген жазуы бар киім киіп алған екен.