Румыния Премьер-Министрі бауырының парақорлығы үшін ел президентінің отставкаға кетуін талап етті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Румыния президентінің бауыры Траяна Бэсэску сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікпен тұтқындалды, деп жазады rosbalt.ru.

«Траяна Бэсэску қылмыс әлемінде атағы шыққан Санду Ангелдің сотында оң үкім шығарту мақсатында судья мен прокурорларға пара беріп, сатып алмақ болған жерінен тұтқындалды», - деп хабарлады журналистерге Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы басқармадан.

Оны тұтқындау туралы шешім осы аптаның басында жергілікті БАҚ жасырын камера көмегімен түсірілген бейне жазбаны жұртшылыққа таратып жібергеннен кейін қабылданды. Онда Румыния басшысының інісі сыйақыға кісі өлімі үшін сотталған Ангел лақап атымен танылған ұрыны түрмеден босатуға уәде береді. Бейнежазбада айтылғандай, ол бұл мақсатына мемлекет басшыларының Румынияның Жоғарғы сот кассациялық палатасының төрағасына ықпалы арқылы жетуді жоспарлаған.

Осы оқиғадан кейін жанжал қатты ушығып, Румыния Премьер-Министрі Виктор Понта президент «еуропалық елдің басшысы ретінде мұндай оқиғадан кейін отставкаға кетуі тиіс» деп мәлімдеді. Ол жанжалға мемлекет басшысының қатыстылығы дәлелденсе, басқарушы одақ депутаттары оны парламент сотына тартуға бастамашылық етпек.