Еуропалық арнада көрсетілген тарихи-хроникалық фильмде Қазақстанның дамуындағы Н.Назарбаевтың айрықша рөлі айтылған. Деректі фильмде көптеген мемлекет басшылары Қазақстан Президентінің беделі жоғары тұлға екенін айтқан. Сонымен қатар, Елбасының қызметіне жоғары баға берген.
Румыниядағы Қазақстан елшілігінің мұрындық болуымен румыниялық аудиторияға көрсетілген Мемлекет басшысы туралы фильм Қазақстанға және Президентімізге деген қоғамдастықтың қызығушылығын арттыру, ел беделін нығайтуға бағытталған.
Фильм тәулік бойы хабар тарататын «National 24 Plus» арнасында көрсетілді.