Көшеге 150-ден астам адам шықты. Олардың 70-і педагогтардың көмекшісі, тағы бірқатары сабақ өткізбейтін мектеп жұмыскерлері.
Жергілікті кәсіподақтар жұмысты енді бастаған мұғалімнің жалақысының көлемі кемінде елдегі орташа жалақының деңгейінде болу қажеттігін талап етіп отыр. Бұл жағдай педагог мамандардың жұмысы мемлекет үшін маңызды екендігінің көрсеткіші болмақ. Олар сондай-ақ айлық жалақының жыл сайын инфляцияға байланысты индексацияланып отырғанын қалайды.
Қазір румыниялық мұғалім шамамен 480 евро алады. Бұл елдегі орташа жалақыдан екі есес төмен.