Атап айтқанда, «Томирис» және «Дорога домой» фильмдері көрсетілді. Қазақстандық кинематографтың танымал жұмыстары жоғары бағаланып, румын жұртшылығының үлкен қызығушылығын тудырды.
Іс-шараның ашылуында бірнеше жыл ішінде үлкен серпіліс жасалған мәдени байланыстарды тереңдетудің маңыздылығы атап өтілді. 2020-2021 жылдар аралығында Қазақстан мен Румыния екі мемлекеттің елордаларында «Қазақстан» және «Бухарест» скверлерін, қазақ ақыны Абай және румын ақыны Эминеску бюсттерін ашу, сондай-ақ Румынияның түрлі өңірлерінде мәдениет күндерін өткізу сияқты бірқатар маңызды жобаларды іске асырды.
Сонымен қатар, румын көрермендерінің назарына Қазақстанның табиғаты мен елордамыздың сәулеттік құрылысына арналған 20 картинадан тұратын фотокөрме ұсынылды.