Румынияда Қазақстан үшін «Бүркіт» арнайы кемесі жасалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Румындық Брэила қаласында «Бүркіт» мамандандырылған кемесін  іске қосу  салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлады «Қазақтеңізкөлікфлоты» баспасөз қызметі.

«Кеме «Теңізшевройлды» кеңейту жобасы аясында тасымалданатын Құрық порты - Прорва порты (Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінің солтүстік бөлігі)  маршруты бойынша габаритті емес жүкті тасымалдау үшін жасалды», -делінген хабарламада.

2018 жылдан бастап 2021 жыл аралығында 3 жыл ішінде 75-ке жуық габариті емес үлгіні тасымалдау жоспарланған.

«Бүркіт» ТШО кеңейту жобасы аясында 3 арнайы кеме жасау жоспарланған. Бұл - екінші кеме. Оның алдында «Барыс» кемесі осы жылғы 12 мамырда суға жіберілді.