Румынияда пойыз рельстен шығып кетті, 15 адам жарақаттанды

АСТАНА. Қыркүйектің 21-і. ҚазАқпарат - Бухарест пен Тимишоар қалаларының арасын жалғайтын теміржолдағы пойыздың рельстен шығып кетуі салдарынан кемінде 15 адам жарақаттанды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.

Румынияның көлік министрі Раду Берчанудың айтуынша, алдын ала болжамдар бойынша оқиға белгісіз біреулердің қасақана теміржол төсемін зақымдауынан орын алған.