Румыниядағы өрт: 10 адам қаза тапты, 7-еуі ауыр халде

БУХАРЕСТ. ҚазАқпарат – Румынияның шығысындағы Пьятра-Нямц қаласында орналасқан аурухана бөлімшелерінің бірі сенбі күні кешқұрым отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Agerpres агенттігіне сілтеме жасап.

Өрт салдарынан кем дегенде 10 адам қаза тапқан, жетеуі ауыр халде.

Оттың неден тұтанғаны әзірге белгісіз.

Агенттіктің деректеріне қарағанда, қазіргі уақытта тілсіз жау ауыздықталған.