Ол 45,18 пайыз дауыс жинаған өзінің қарсыласы - премьер-министр, Социал-демократиялық партиясының жетекшісі Виктор Понтадан өзінің айтарлықтай басымдығын сақтап қалды. ОСБ дауыс берудің қорытындысын таңға қарай беруге уәде берсе де, Понта ресми ақпаратты күтпестен өзінің сайлауда ұтылғанын мойындап, Йоханнисті жеңісімен құттықтады.
19:19, 17 Қараша 2014
Румыниядағы президенттік сайлауда Виктор Понта өзінің жеңілгендігін мойындады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Клаус Йоханнис өткен жексенбіде президенттік сайлаудың екінші кезеңінде 54,81 пайыз дауыс жинады. Бюллетеньдердің 76,53 пайызының нәтижесін шығарған Румынияның Орталық сайлау бюросының берген мәліметтері осындай, деп хабарлады ТАСС.