Ақпараттарға сәйкес, ол әйелі Мариямен бірге өтінішті Молдавия президенті Николай Тимофтидің атына жазды, деп жазды interfax.ru.
Бэсескудың Румыния президенті лауазымындағы өкілдігі 2014 жылдың күзінде аяқталды. Кейін ол бірнеше рет Молдавия мен Румынияның бірігуін жақтап сөз сөйлеген.
Наурыз айының басында экс-президент "Молдавия Румыниямен бірігуі керек, онсыз НАТО мен Еуроодаққа кіру мүмкіндігі жоқ",- деп мәлімдеген болатын.