Руслан Әлішев ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» басшылығынан босатылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Қанатханұлы Әлішев ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымынан босатылды. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.