Руслан Берденов Respublica партиясының тең төрағалығынан кетті
10:36, 26 Маусым 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Бұрынғы Мәжіліс депутаты, қазіргі Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов енді Respublica партиясының тең төрағасы емес.
Бұл ақпаратты партия баспасөз қызметінің өкілі ұялы телефонмен сөйлесу барысында растады.
Айта кетсек, биыл 24 ақпанда Руслан Берденов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Артынша Руслан Берденовтің Мәжілістегі өкілеттігі тоқтатылды.
Еске салсақ, биыл 21 сәуірде Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасалды. Ол ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізіліп, жедел түрде ота жасалды.
Кеше Руслан Берденовке жасалған қастандыққа қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды.