Руслан Берденовтың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ - дәрігерлер

Фото: Фото: Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM - Шымкент әкімінің орынбасарына операция жасалды.

- Шымкент қаласы әкімінің орынбасары оқ жарақатымен қалалық ауруханаға түсті. Оған шұғыл операция жасалды. Операция барысында қан кету тоқтатылды, жарақаттанудан болған зақым қалпына келтірілді. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Пациенттің жағдайы тұрақты, ауыр деп бағаланады. Ол дәрігерлердің тұрақты бақылауында және барлық қажетті медициналық көмекті алып жатыр ,- делінген Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, кеше Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасалған болатын. Күдікті шенеунікке қарай үш рет оқ атқан. Оқиға салдарынан әкімдік қызметкері жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.