«Ауыл-Ел бесігі» жобасы бойынша ауылдарды жаңғырту жалғасады. Биылғы жылы 216 ауыл қамтылады. Осы орайда ауыл мектептерін, спорт кешендерін, амбулатория, жолдарды, жарықтандыру жүйесі мен инженерлік желілерді салу мен жөндеу жүргізіледі», - деді министр Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар бұл бағыттағы жұмыстар 2021 жылы да жалғасады.
«Ауыл округтерінің қаржылық жағдайы күшейтіледі. Кірістердің бір бөлігі округтердің бюджетіне тапсырылады. Сәйкесінше, ауыл тұрғындары жергілікті қоғам жиналыстары арқылы елеулі мәселелерді шешетін болады. Жалпы, 2353 ауыл округі үшін қаржылық мүмкіндік артады. Сонымен бірге, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың жаңа тұжырымдамасы әзірленеді. Онда ауыл әкімдерін сайлау, мәслихаттар өкілеттігін кеңейту қамтылады. Атап айтқанда, округ бюджетін қалыптастыруда ауыл тұрғындарын белсенді қатыстыру ескерілген. Бұл жұмыстар өңірлердің экономикалық мүмкіндіктерін көтеруге жол ашады», - деді Руслан Дәленов.