НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылдың қорытындысында экономиканың өсуін қамтамасыз ету үшін жергілікті жерде азық-түлік тауарларының бағасын ерекше бақылауға алу қажет. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында еліміздің 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы жайында баяндаған Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жыл қорытындысы бойынша экономиканың өсуін қамтамасыз ету үшін орталық және жергілікті атқарушы органдар мынадай шараларға баса назар аударуы қажет. Бірінші, экономиканың базалық салаларында және өңірлерде қол жеткізілген өсу қарқынын төмендетпеу керек. Екінші, өңірлер жергілікті жерде азық-түлік тауарларының бағасын ерекше бақылауға алуы қажет», - деді ол.
Министрдің айтуынша, үшінші, құрылыс нысандарын мерзімінде аяқтауды қамтамасыз еткен жөн.
«Төртінші, инвестициялық жобалар бойынша бюджет қаражатының толық игерілуін қамтамасыз ету керек», - деді Р.Дәленов.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.