ОРАЛ. KAZINFORM – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы болып полковник Руслан Әмірзадаұлы Қасыбаев тағайындалды.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министрі Ерлан Нұрпейісов департаменттің жаңадан тағайындалған бастығын жеке құрамға таныстырды.
Руслан Қасыбаев Алматы қаласында дүниеге келген.
2006 жылы ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын аяқтаған. Азаматтық қорғау органдарындағы еңбек жолын 1999 жылы Алматы қаласында №3 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі қызметінен бастады.
Әр жылдары аға өрт сөндіруші, өрт сөндіру бөлімінің инспекторы, аға инженер, бас маман, өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары, өрт сөндіру қызметінің бастығы, төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған. Алматы қаласы ТЖ департаментінің бастығы лауазымында болған.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).