Руслан Касимов Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды
09:25, 25 Маусым 2024
АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Агенттік Төрағасының бұйрығымен Касимов Руслан Мұратұлы Қаржылық мониторинг агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі мәлім етті.
Руслан Касимов бұған дейін Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған.