ҚР Ұлттық олимпиада комитетінен мәлім еткендей, Р.Құрбанов жартылай финал кезеңінде француз Александр Барденетті 15:13 есебімен ұтты.
Ақтық сайыста спортшымызға Францияның тағы бір өкілі қарсылас болды. Нельсон Лопес бірден басымдықты өз қолына алды. Қорытынды есеп 15:11.
Солайша, Руслан Құрбанов турнирдің күміс медалін еншіледі.
Еске салайық, бұған дейін аталған спортшының Парижде өтіп жатқан әлем кубогінің жартылай финалына шыққанын жазған едік.