Руслан Мәдиев американдық боксшыны нокаутқа жіберді (БЕЙНЕ)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Калифорния қаласында қазақстандық боксшы Руслан Мәдиев пен американдық Хулио Санчес арасында жекпе-жек өтті. Ол қарсыласын екінші раундта нокаутқа жіберді, деп хабарлайды GGG-дің ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында.

Мәдиев - Қарағанды қаласындағы бокс мектебінің тәрбиеленушісі. Өзінің кәсіби жолын қазақстандық боксшы Мейіржан Пердешевті жеңуден бастады.

Руслан Мәдиев үшін Хулио Санчеспен жекпе-жегі кәсіби шаршы алаңдағы бесінші, ал АҚШ-та төртінші рет өткен айқас болды. Қазақстандық боксшы олардың барлығында жеңіске жетті.