Руслан Желдібай Президенттің көмекшісі әрі баспасөз хатшысы болып тағайындалды
11:28, 09 Қыркүйек 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Сұлтанұлы Желдібай жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
— Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі — Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, — делінген хабарламада.