Руслан Желдібай жаңа қызметке тағайындалды

Фото: akorda.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Президенттің көмекшісі лауазымындағы Руслан Желдібай жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

- Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі лауазымынан босатылды.

Мемлекет басшысының өкімімен ол Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды, - делінген ресми тараған құжатта.

Айта кетейік, Олжас Бектенов Абай облысының активіне жаңа әкімді таныстырды.

Бұл лауазымды енді Берік Уәли атқарады