Оның сөзіне қарағанда, әлемдік экономикада құрылымдық әртүрлі теңгерім, қаржылық белсенділіктің төмендеуі және капиталдың азаюы орын алуда. Бірақ ШЫҰ елдерінде алға қойған міндеттерді іске асыру үшін күш-жігер мен мүмкіндіктер жеткілікті. «Біз, сауда-экономикалық байланыстарын дамыту, нарықтардағы сұранысты ынталандыру үшін бар күш-жігерімізді жұмсаймыз. Нақты қадамдар қабылданып, жаңа жобалар іздестірілуде. Ұйымның әлсіз жағы - қаржылық жағдайы. Осыған байланысты Өзбекстан ШЫҰ банкін құру бастамасын қолдайды, бірақ ол жаңа қаржылық институт болуы тиіс», - деп ескертті Рустам Азимов.
Естеріңізге салайық, бүгін Бішкекте ШЫҰ мүше мемлекеттер үкіметтері басшыларының Кеңесі өтуде. Қазіргі сәтте Қазақстан ШЫҰ төрағасы болып табылады, ал 2017 жылғы 8-9 маусымда Астанада Ұйымға мүше мемлекеттер басшыларыны саммиті өтеді.