ҰҚҚ-ның бұрынғы төрағасы Рустам Расулович Иноятов ведомствоны 1995 жылдан бері басқарып келген.
Елдің ресми органының сайтында хабарлануынша, бұған дейін Өзбекстанның Бас прокуроры лауазымын атқарып келген Ихтиер Абдуллаев ҰҚҚ төрағасы болып тағайындалған. Бұл жайлы президент Шавкат Мирзиеевтің төрағалығымен өткен Өзбекстан Бас прокуратурасы және ҰҚҚ өкілдерінің отырысында мәлімдеме жасалды.