8 мамыр күні 60 келі салмақта күрескен Рүстем Ибраев барлық қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, бас жүлдені иеленді. Ол финалда француздық палуан Винсент Лимарды базари әдісімен тізе бүктірді.
Бұл доданы қазақстандық көрермендер «Қазспорт» телеарнасынан тікелей эфирде көрді.
Жарыс бүгін жалғасатын болады. Қазақстан тарапынан оған 9 спортшы қатысуда.