Апаттан 11 адам қаза тауып, тағы 130 адам жарақат алған.
– Шиловский ауданындағы қайғылы оқиғаға байланысты Рязань облысында 18 тамыз қаралы күн болып жарияланды, - деп жазды ол өзінің Telegram арнасында.
Оның айтуынша, бұл күні облыстың барлық аумағында тулар түсіріледі. Мәдениет мекемелеріне, телерадио компаниялар мен ұйымдарға ойын-сауық шараларын тоқтату ұсынылды.
– Қаза тапқан қызметкерлердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін, - деді аймақ басшысы.
Ол сондай-ақ қаза болғандардың отбасылары мен зардап шеккендерге билік тарапынан көмек көрсетілетінін қоса айтты.
Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ-тың US Steel болат құю зауытында жарылыс болғанын жазған едік.