Рязань жанындағы полигонда снарядтарды жою кезінде 23 адам жарақат алды

АСТАНА. Маусымның 23-і. ҚазАқпарат - РФ Рязань қаласы жанындағы полигонда снарядтарды жою кезінде оқ-дәрі салынған 2 жүк машина жарылды. Алдын ала мәлімет бойынша, төтенше оқиға салдарынан 1 адам қаза тауып, 23 адам жарақат алды, деп хабарлайды «Интерфакс» агенттігі Мәскеу әскери округының қолбасшысының баспасөз хатшысы Сергей Власовқа сілтеме жасай отырып.

РИА Новости ақпарат көзінің мәліметіне сүйенсек, оқиға Рыбнов ауданында сағат 14.25-те орын алды. Власов полигонның Селцы кентінде орналасқанын да нақтылады.

Қорғаныс министрлігінің өкілі хабарлағандай, қаза тапқан және жарақат алғандар шақыру бойынша міндетті қызметін атқарып жүрген әскерилер.