АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова Цюрихте үш қарғып секіруден «Гауһар лигасының» кезеңін жеңіп алды, деп хабарлайды Sports.kz.
Жерлесіміз 14 метр 55 сантиметр қашықтыққа секіріп, бірінші орын алды. Екінші орынды венесуэлалық Юлимар Рохас алды, үшінші орын колумбиялық Катрин Ибаргуэнның қоржынында.
Жеңіл атлетика. «Гауһар лигасы». Цюрих (Швейцария).
Үш қарғып секіру. Әйелдер.
1. Ольга Рыпакова (Қазақстан) - 14,55 метр
2. Юлимар Рохас (Венесуэла) - 14,52 метр
3. Катрин Ибаргуэн (Колумбия) - 14,48 метр.
Ербол Жанат
ЕҰУ-да журналистика мамандығы бойынша бакалавриатты және магистратураны тәмамдаған. Стамбул мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында, "Астана ақшамы" газетінде тілші болған. 2014 жылдан бері Kazinform ХАА-да шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.