«ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Атырау облысының бұрынғы әкімі Б.Рысқалиев құрып, басшылық жасаған ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеуді аяқтады және іс материалдарымен танысудың басталғанын жария етті. Сотқа дейінгі тергеу барысында Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде жүрген және тергеу органдарын келуден жалтарған Бергей Рысқалиев мен оның сыбайланыстарының қылмыстық әрекеттерін жіктеуге мүмкіндік беретін жеткілікті дәлелдер алынды», - делінген ақпаратта.
Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылдың 24 ақпанында ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 208-бабының 1-бөлігіне сәйкес, күдіктіге жауап алуға шақыру қағазы жіберілген болатын.
Күдіктілер Рысқалиев Б.С, Рысқали А.С., Әлбақасов Р.С. және басқа тұлғалардың Қазақстан Республикасы аумағынан сыртта болғандықтан, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР ҚПК 205-бабы 3-бөлігіне сәйкес, күдіктілердің жауап алуға шақырылаты туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялады. Күдіктілер 2 наурыз күні жауап беруге келуі тиіс еді.
Дәл осындай хабарландыру 26 наурызда қайта жарияланды. Бірақ, күдіктілер белгіленген уақытта келмеді және келмеу себептерін хабарлаған жоқ.