Ржевтен әкелінген бір уыс топырақ 101 атқыштар бригадасының қаза тапқан жауынгерлерінің отанында көмілді
15:28, 05 Мамыр 2011
АҚТӨБЕ. 5 мамыр. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Бүгін Ақтөбедегі Батырлар аллеясында Ұлы Отан соғысы кезінде 100-ші және 101-ші қазақ жеке атқыштар бригадасының 10 мың жауынгері қаза тапқан Ржев қаласының топырағы салынған капсуланы біздің жерімізге көму шарасы болып өтті.
Бұл бригаданың жауынгерлері 1941 жылы Ақтөбе мен Алматыда жас қазақ - еріктілерден жасақталған еді. Алғашқы аптаның өзінде екі бригада да 80 пайыз әскерінен айрылды.