«Осы сәтті пайдалана отырып G-Global-дағы келесі кездесуді «Әлеуметтік әріптестік. Өнімді еңбекті қамтамасыз ету және лайықты еңбекті кеңейту бойынша жауапкершілікті бөлу» тақырыбындағы халықаралық конференция түрінде өткізуді ұсынамын», - деді ол.
Министр бұл мақсаттарға жету үшін бір айдың ішінде G-Global коммуникативті алаңында еңбек министрлерінің онлайн конференциясын өткізуге ұсыныс жасады.
«Бұл еңбек ресурстарын тиімді пайдалану және еңбекке лайықты ахуал қалыптастыру үшін жағдаймен қамтамасыз етумен байланысты көптеген проблемаларды шешуге әрі жауап табуға мүмкіндік береді», - деді С.Әбденов.