Сонымен қатар, депутаттық топтың жетекшісі болып Сауытбек Абдрахманов, оның орынбасары Юрий Тимощенко, ал хатшысы болып Наталья Жұмаділдаева сайланды.
«Парламент болған соң Үкімет жұмысына бір фракция қанағаттанып, екіншісі қанағаттанбай жатады. Фракциялардың пікірлері әр түрлі, әрине. Алайда, елдегі бірлік, келісім, діндер арасындағы, ұлттар арасындағы татулық - барлық фракция үшін басымдық болуы керек. Біздің күнделікті өміріміздің басты мәселесі - осы», - деді әріптестерінің сенімі үшін ризашылығын білдірген С.Абдрахманов.
ҚХА тобына 31 депутат мүше болып отыр. Оның 9-ы Ассамблеядан болса, 17 депутат «Нұр Отан» партиясынан, 3 депутат Қазақстан халықтық коммунистері партиясынан, 2 депутат «Ақ жол» партиясынан мүшелікке өткен.
Алғашқы отырыс барысында ұйымдастыру мәселелері талқыланып, депутаттық топ қызметінің негізгі бағыттары айқындалды.