С.Ахметов «Ақ бұлақ» бағдарламасын жүзеге асыруда олқылықтарға жол бергендерді жазаға тартпақ

АСТАНА. 19 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов «Ақ бұлақ» бағдарламасын жүзеге асыруда олқылықтарға жол бергендер жазаға тартылатындығын баса айтты.

«Өңірлік даму министрлігіне, облыс әкімдеріне жыл қорытындысында осы бағдарлама аясында қарастырылған жобаларда олқылықтар жіберген және қаржыны игермеген жауапты тұлғаларды жазаға тарту туралы ұсыныс енгізуді тапсырамын», - деді Үкімет басшысы.

Сонымен қатар С.Ахметов әкімдерге бюджеттік қаржыны жоспарлауда, әсіресе, жоспарлау кезеңінде сапасын арттыруға бағытталған шараларды қабылдауды жүктеді.