Үкімет басшысы Астана мен Бурабай аралығындағы автобан тұрғысында айта келе, «Бұл мәселе жобаға қатысты болып отыр. «Астана-Бурабай» жолының құрылысы кезінде қар тоқтату шаралары неге қарастырылмаған? Яғни, жобада жаппай көгалдандыру, сондай-ақ қарды тоқтатудың қолдан жасалған құрылғылары ескерілмеген»,-деді.
Осы орайда С. Ахметов қардың түсуі әр жылы әр қалай болатынын және автобан пайдалануға берілгеннен кейінгі төртінші жылы, нақты айтқанда, биылғы наурызда қардың қалыңдығы жол үстінде 4 метрге дейін жеткендігін еске салып өтті.
Бұл мәселе бойынша қалың қар біраз уақыт мемлекетаралық жолды басып қалғандығын сынға алды. «Сондықтанда, тыңғылықты зерделеп қараңыздар. Автобильдік жаңа жолдарды әсіресе, халықаралық маңыздағы жолдарды жоспарлау кезінде барлығын ескеру керек»,-деп түйді Премьер-Министр.