С.Ахметов Беларусь елшісі А. Ничкасовты қабылдады
18:58, 27 Желтоқсан 2013
АСТАНА. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Беларусь Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Анатолий Ничкасовты қабылдады, деп хабарлады primeminister.kz сайтынан.
Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық әріптестікті одан әрі дамыту, ауыл шаруашылығындағы, қайта өңдеу саласындағы, индустриалды сектордағы өзара тиімді жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Үкімет басшысы атап көрсеткендей, «іскерлік байланыстарды кеңейту, өнеркәсіптік кооперацияларды дамыту үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған».