«Біз бүгін «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасын жүзеге асырудың өткен жылғы нәтижесін қараймыз. Жыл қорытындысы бойынша 6,8 млн. шаршы метр тұрғын үй салынған. Бұл 2012 жылғы көрсеткіштен жоғары»,-деп тоқталды Үкімет басшысы.
С. Ахметовтің сөзіне қарағанда, дегенмен былтыр кейбір өңірлерде құрылысқа бөлінген бюджет қаражаты игерілмей қалып отыр. «Ал бірқатар облыстарда жалға берілетін және несиелік тұрғын үй құрылысы кешіктірілуде»,-деп атап өтті Премьер-Министр.