С.Ахметов: «Қазақстан темір жолының» еншілес компанияларын бәсекелестік ортаға беру қажет

АСТАНА. 21 қаңтар. ҚазАқпарат - «Қазақстан темір жолының» еншілес компанияларын бәсекелестік ортаға беру қажет. Бұл туралы бүгін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның алқа мәжілісінде ҚР Үкімет басшысы Серік Ахметов айтты.

Бүгінде ел Үкіметінде ауқымды жекешелендіру және көптеген активтерді, оның ішінде ұлттық компанияларды мемлекет иелігінен алу бойынша бағдарламалар дайындалып жатқандығын баса айтқан ҚР Премьер-Министрі: «Өткен жылы біз «ҚазМұнайГаз» компаниясының құрылымын тыңғылықты қарастырдық және бүгінде бізде байыпты аутсорсинг әрі көптеген еншілес компанияларды бәсекелестік ортаға беру бойынша ұсыныстар бар», - деді.

Осы орайда С.Ахметов компания басшысы А.Маминге дәл осындай шараларды «Қазақстан темір жолында» да жүргізу қажеттігін ескертті.