«Мемлекет басшысының Жарлығымен Арыстанбек Мұхамедиұлы Мәдениет министрі болып тағайындалды. Мемлекет басшысы Сізге, осынау жұмыстың маңызды саласын сеніп тапсырды. Президент көп ұлтты Қазақстанның мәдениетіне, төзімділікті нығайтуға, ұлтаралық келісімге айрықша көңіл бөледі», - деген Үкімет басшысы Мәдениет министрлігінің жаңа басшысына жұмыста табыстар тіледі. ҚР Премьер-Министрі сондай-ақ ведомствоның бұрынғы басшысы Мұхтар Құл-Мұхаммедке атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді.
«М.Құл-Мұхаммедтің басшылығымен мәдениет және ақпарат саласында белгілі бір нәтижелерге қол жеткізілді,- деген С.Ахметов, - Сіз отандық мәдениет пен өнердің дамуына елеулі үлес қостыңыз»,- деп оның еңбегін атап өтті.
Мемлекет басшысының Өкімімен М.Құл-Мұхаммед ҚР Президентінің кеңесшісі болып тағайындалғанын еске саламыз.