С. Ахметов мамырға дейін «Бизнестің жол картасы» бағдарламасын оңтайландыру ұсыныстарын енгізуді жүктеді
11:18, 12 Наурыз 2013
АСТАНА. 12 наурыз. ҚазАқпарат - Премьер-Министр Серік Ахметов Өңірлік даму министрлігіне Үкіметке ағымдағы жылдың 1 мамырына дейін «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын оңтайландыру бойынша ұсынысты енгізуді тапсырды.
«Тиісті мүдделі органдармен, ұйымдармен, «Даму» қорымен, «Атамекен» Одағымен бірлесе отырып, 1 мамырға дейін «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын оңтайландыру бойынша Үкіметке ұсыныс енгізу керек», - деді Премьер-Министр бүгін Үкімет отырысы барысында.
Бұдан бөлек, С. Ахметов кәсіпкерлікке қызмет көрсету бойынша орталықтардың еліміздің барлық өңірінде ашылуын қамтамасыз етуді жүктеді.