С.Ахметов мемлекеттік орман учаскелеріндегі селекциялық-генетикалық объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидаларын бекітті

АСТАНА. 16 қаңтар. ҚазАқпарат - Премьер-Министр С.Ахметов Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидаларын бекіту туралы қаулыға қол қойды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1497

2012 жылғы 26 қараша, Астана, Үкімет Үйі

Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидаларын бекіту туралы

2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 78-бабының 3-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов

Құжаттың толық мәтіні.