С.Ахметов: Міндет күрделі, алайда оны атқару министрліктеріңіздің қолынан келеді

АСТАНА. 10 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұжымымен кездесті, деп хабарлады www.primeminister.kz сайты.

Премьер-Министр министрлік ұжымымен кездесу кезінде зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін одан әрі жаңғырту бойынша 2030 жылға дейінгі кешенді шаралар дайындау және тиісті тұжырымдама жобасын әзірлеу қажеттігін атап көрсетті.

Мемлекет басшысының Жарлығымен С.Әбденовтің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылғаны белгілі. ҚР Президентінің өкімімен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің уақытша міндетін атқару вице-министр Тамара Босымбекқызы Дүйсеноваға жүктелді.


Министрлік ұжымымен кездесу кезінде Премьер-Министр зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін одан әрі жаңғырту бойынша 2030 жылға дейінгі кешенді шаралар дайындау және тиісті Тұжырымдама жобасын әзірлеу қажеттігін атап көрсетті.


«Міндет күрделі, алайда оны атқару министрліктеріңіздің қолынан келеді», - деді С.Ахметов.